29.05.2015, 17:48
Оқылды: 23

Тарих - парасаттылықтың сабағы

Majilis deputattarimen brifing   «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форумы жұмысынан кейін облыс әкімдігінің үлкен залында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко бастаған бір топ астаналық қонақтармен брифинг өтті.

Л. Прокопенконың айтуынша, өңірде өткізіліп жатқан шаралар аясында үлкен жұмыстар жасалуда. Мемлекет басшысы «Ұлт Жоспары – 100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформасын жариялады. Сол бес реформалардағы төртінші басымдық болашақтың біртекті ұлтын қалыптастыруға берілген.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің директоры Наталья Калашникованың айтуынша, бұл жоба - Қазақстан халқы Ассамблеясының ең маңызды, басты жобаларының бірі. Халықаралық жоба басталысымен өзінің маңыздылығымен еліміздің қарапайым тұрғындарының назарын аударды.

  • Форумның маңызы зор. Қазақстандағы ұлттардың 1991 жылға дейінгі тарихқа деген көзқарасы мүлдем бөлек. «Семей - Невада» қозғалысының құрамында 5 пайызға толмайтын орыс тілділер, 95 пайызы қазақ тілділер. Сонда атом зұлматы тек қана қазақтарға тие ме? Желтоқсан кезінде де алаңға кілең қазақтар шықты. Біз орыстарға қарсы емес, тоталитарлық режімге қарсы болдық. Неге басқа ұлт өкілдері болмады? 1991 жылы 13 қыркүйекте казактардың арандату әрекетіне қарсы шыққанда қатарымызда неге басқа ұлт өкілдері болмады? Себебі ол кезде олар «бұл қазақтардың проблемасы» деп ойлады. Әр оқиғада біздің азаматтар өздері жеке-жеке жүрді,- деген «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы Дос Көшім еліміздегі біртектілікті қалыптастырудағы, бір мемлекеттік, ұлттық мүддеге біріктірудегі мақсат тарихқа деген ортақ көзқарасты қалыптастыруға бағытталғанын әңгімеледі.

Басқосуға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ахмет Мурадов, Юрий Тимощенко, облыстық ҚХА хатшылығының жетекшісі Ғайса Қапақов жобаға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ брифингке қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале