15.09.2016, 16:03
Оқылды: 39

Тасқалада күркетауық және етті тауық фермасы салынбақ

brifing-taskala   Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.


  Оның айтуынша, биыл ауданда жалпы дақылдардың егістік алқабы 20 мың 730 гектарды құрады. Қазіргі кезде егілген күздік дақылдар толық жиналып, орташа есеппен әр гектардан 20 центнерден жалпы 4650 тонна өнім алынды. Жаздық дақылдар соның ішндегі арпа 4727 гектар толықтай жиналды, гектарынан 12 центнерден жалпы 5670 тонна өнім алынды. Жаздық бидай егілген 11210 гектардан жиналғаны 8300 гектар, орташа 1 гектардан 10,7 центнерден жалпы 8880 тонна өнім алынды.

   Шөп шабу науқаны қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда шөптің орташа түсімі гектарынан 7,6 центнер құрап, 105 мың  тонна шөп дайындалып, жылдық жоспар 31 %-ға артық орындалды.

Ауылшаруашылық жерлерін барынша экономикалық айналымға қосу мақсатында соңғы үш жылда жүргізілген түгендеу жұмыстары өз нәтижесін берді. Соған орай игерілмей жатқан 71 мың 130 гектар жер анықталып мемлекет қорына қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда.

Бүгінгі таңда тасқалалықтардың 88,9%-ы таза сумен, 92%-ы көгілдір отынмен  қамтылған. Аудан басшысының сөзіне қарағанда, тұрғындардың 5%-ы суды өз құдықтарынан ішіп отыр. Қалғандарын келесі жылы қамту жоспарланып отыр. Ал газ мәселесі шешілмеген тұрғындардың 8%-ы   экономикалық перспективасы аз елді мекендерде тұрақтанған, сондықтан бюджет қаражаты есебінен оларға газ тарту тиімсіз.

  2016-2017 жылдар аралығында көшпелі тәсілмен Оян (17 шақырым) және Атамекен (15 шақырым) ауылдарын қамтитын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 90 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар басталуда.

         -Ауданда тәулігіне 1000 литр сүт өнімдерін өндіретін шағын зауыттың құрылысын бастады. Сонымен қатар инвесторлармен келісімдер жүргізіліп, мал бордақылау алаңы мен жылыжай құрылысына арналған құжаттар дайындалуда. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында ауданымыздың экономикасын диверсификациялау үшін инвесторларды тек қана мал шаруашылығына ғана емес, басқа да салаларға тарту жұмыстары жүргізілуде. Соған орай күркетауық және етті тауық фермасын салу жұмыстары қолға алынбақшы,-деді Санжан Әлиев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале