27.10.2015, 16:30
Оқылды: 24

Тасқалада толымды істер бар

12193655_1653834398197977_2114959108701672825_nБүгін «Қазақстан-Орал» телеарнасында өткен кезекті брифингке Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі, қолға алынған, жүзеге асырылған жоба-жоспарлар туралы кеңінен баяндап берді. 

Аудан бойынша тіркелген шағын бизнес субьектілерінің өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27,2 пайызға көбейді. Мұнда жұмыс істейтін адамдар саны-1835.   «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер палатасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы жаңадан іс бастайтын кәсіпкерлерді қысқа мерзімді оқыту курсынан өткізіп, 17 адамға сертификат тапсырды.

Тоғыз ай ішінде 448 адам жұмысқа орналасты. Жоспар бойынша 119 әлеуметтік жұмыс орнын ашу көзделсе, қазірге дейін  114 әлеуметтік жұмыс орны ашылды.  «Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында 480 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, нәтижесінде 385 жаңа жұмыс орны ашылып, бағдарлама 80,2 пайызға орындалды. 496 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Есепті кезеңде 8 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 5 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа алынды.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале