9.06.2016, 18:23
Оқылды: 23

Тасқалада қоғамдық қабылдау өтті

Taskala kogamdik kabildau   «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі С.Әлиев жер реформасына қатысты қоғамдық қабылдау өткізді. Оған  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез,  аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Киреев пен аудан әкімі аппаратының бас маманы Б.Мұқашев қатысты.


   Қабылдауға Тасқала ауылының тұрғыны, «Луч» шаруа қожалығының жетекшісі Н.Мусенов және тағы басқалары қатысып,  өз ұсыныстарын білдірді.

   Жиын барысында аудан басшысы Санжар Жұматайұлы  Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер қағазға тіркеліп, жоғары тұрған мекемелерге жолданатынын және ұсыныс пікірлердің  бірде-бірі ескерусіз қалмайтынын айтты.

                                                                                                                                                        www.zhaikpress.kz

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале