27.10.2015, 17:00
Оқылды: 24

Тасқалада 4 ірі бизнес-жоба жұмыс істеуде

12191957_1653834431531307_844856547329088689_nБұл туралы бүгінгі өткен брифингте Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығында биылғы жылғы ауа райының қолайсыз болуына байланысты егіс алқабының 80 пайызы есептен шығарылды. Жиналған картоп 2210 тонна (2014 жылы – 1440), көкөніс өнімдері - 2270 тонна (2014 жылы – 1460), бақша өнімдері - 362 тонна (2014 жылы – 264). 68,81 мың тонна шөп дайындалды, орындалуы жүз пайыз, орташа түсім әр гектардан  3,1 центнер. Тоғыз ай қорытындысында егін шарушылығында қаражатпен ынталандыру бағыты бойынша 50 шаруашылыққа 22,3 млн. теңге жанар-жағар май және басқа да тауарлардың кұнын арзандатуға субсидия төленді. «Тасқала ауылдық несие серіктестігі» ЖШС-і көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 11 шаруашылыққа 26,2 млн. теңгеге «Егінжай» бағдарламасы бойынша несие берді. Шаруашылықтар 17 «Беларусь» тракторын сатып алды.

Ауданда тіркеуде тұрған асыл тұқымды ірі қара - 1143 бас, асыл тұқымды ақжайық етті-жүнді қойы  - 4850 бас, асыл тұқымды көшім жылқысы – 54 бас.  Биыл «Нетказиев», «Аққайнар», «Сатиев» және «Марлен»  шаруа қожалықтары  Атырау облысынан 71 бас асыл тұқымды еділбай қошқарын сатып алды. Мал шаруашылығына төленген субсидияның  жалпы сомасы - 129 млн. теңге. Күні бүгін 6 ауылдық округте 9 селолық тұтыну кооперативі құрылды.

Ауданда 4 ірі бизнес-жоба жұмыс істеуде. 4 шаруа қожалығы «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы несиелерін алып, жұмыстарын бастап кетті.

Өткен жылы ауданға ірі отандық инвестор келіп, үлкен төрт қора салды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 800-ден астам бас ірі қара сатып алды. Қажетті техникаға қол жеткізді. Болашақта жер алып, мал азығын өздері дайындауды жоспарлауда. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале