21.06.2016, 17:00
Оқылды: 22

Тасқала ауданының әкімі екі ұжыммен кездесті

????????????????????????????????????

  Тасқала ауданының әкімі Санжар Жұматайұлы аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы мен «БҚО-лық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» мекемесінің аудандық филиалы ұжымдарымен кездесу өткізді.


   Алдымен аудан әкімі С.Әлиев екі ұжымды да өткен халықаралық медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар бұл жиында жерге қатысты мәселелерді тілге тиек етіп, «Жер туралы» кодекске толықтай тоқталып өтті. Отырыс барысында ұжым басшылары өз қызметкерлерін таныстырып, сондай-ақ, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан басшысы осы ұсыныстарды қаперге алып, алдағы уақытта жұмыстанатынын айтты.

www.zhaikpress.kz
Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале