19.02.2016, 12:49
Оқылды: 26

«Тасқала» шекара комендатурасының ұйымдастыруымен өткен жылдың қорытындысына орай үлкен жиын болып өтті

 Taskala jil koritindsisi boyinsha Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Тасқала» шекара комендатурасының  ұйымдастыруымен өткен жылдың қорытындысына орай үлкен жиын болып өтті. Аталмыш шараға  2029 әскери бөлімінің командирі, полковник Бауыржан Рысбеков пен аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева  қатысты.


Өз кезегінде сөз алған  полковник Бауыржан Рысбеков Батыс өңірі бойынша 5 отрядтың ішінен 2029 әскери бөлімі жүлделі бірінші орынды иеленгенін тілге тиек етті. Оның ішінде үздік деп танылған «Тасқала» комендатурасына «Үздік комендатура», аталмыш комендатураның коменданты  Жанат Мәлікұлына «Үздік комендант» аталымы мен  ауыспалы вымпелды табыс етті. Сондай-ақ шекарашылардың тынымсыз еңбектері бағаланып, олардың  арасынан 14 адамға ҰҚК шекара қызметінің директоры польковник Гельмановтың атынан «Мінсіз қызметі үшін» медалін тапсырды.  Олардың ішінде «Тасқала» авто көлік  өткелінің капитаны Қырықбаев, аға сержанттар А.Ахметов пен Д.Муфтиеев, сондай-ақ  сержант Е.Жұматаев пен сержант Т.Кусайнов бар.  Осы жиында   жиырмадан астам адам  2029 әскери бөлімінің командирі, полковник Б.Рысбековтың алғыс хатымен  марапатталды. Марапатты полковник өз қолымен табыс етті.

Олардың арасында аудан әкімі С.Әлиев, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен Достық ауылдық округінің әкімі Б.Жұмабаев және шекарашылар қызметіне қолдау білдірген мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары болды. Тыныштығымыздың тірегі шекарашыларға «ел қорғаудағы еңбектеріңіз  еселене берсін» дейміз.

www.zhaikpress.kz 

Мирас Жексенғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале