29.10.2015, 12:34
Оқылды: 20

Тас жолдың жағдайы тексерілді

тас жол (1)БҚО әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев, жол құрылысына тапсырыс беруші «Қазавтожол» ҰҚ АҚ БҚО филиалы басшысының орынбасары Ә.Нығметов пен БҚО жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы М.Қуаншалиев, сондай-ақ бас мердігер «Uniserv» ЖШС бас директорының орынбасары В.Цой, орындаушы мердігер «Алатау Дор Сервис»  ЖШС директоры А.Игибаев пен оның орынбасарлары ауданымызға арнайы келіп, салынып жатқан тас жолдың жұмысымен танысты.

Құрылыс жүріп жатқан учаскеде болған басшылар жұмыс барысында кездескен мәселелерге назар аударды. Бұған күрең күздің лайсаң батпағы мен көктемгі су тасқынын ескеріп, жазғытұрым зардап шегіп қаламыз ба деп алаңдатушылық танытқан аудан әкімі С.Әлиевтің облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұловқа жазған хаты себеп болды.

тас жолХатта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Орал-Тасқала-Озинки тас жолының толығымен қайта құру жұмыстарының жағдайы алаңдататынын жеткізген аудан басшысы көктемгі су тасқыны кезінде маңызы бар күре жолдың ауылға қауіп төндіретін тұстарының барын да жеткізген болатын. Сондықтан негізгі автожол бітпеген жағдайда, айналып өтетін жол көктемде түгелдей су астында қалып, республикалық автомагистральмен жүретін халықаралық көлік легін өткізуге жарамсыз болатынын айта келіп, жолдың бойына уақытша су ағатын тұрбаларды орнатып, көктемге дейін асфальтты жолды уақытша жөндей тұруын сұраған еді. Себебі жазғытұрым оңтүстік беткейдегі таулардан аққан еріген су аудан арқылы өтетін Орал-Саратов автожолы бойындағы су өткізетін құбырлар арқылы өтіп, Деркөл өзеніне құйылады. Сондықтан ауылға жақын маңдағы құбырлар түгелдей салынбай қалатын болса, жолдың қазылған жерлері ағын сумен жуылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың суға кетуі ықтимал  екенін жеткізді. Ал оны қалыпқа келтіру үшін бірнеше миллиардтаған қаражат жұмсалатынын да аудан басшысы жасырмады. Сонымен қатар барлық арнайы су өткелдерінің әлі күнге дейін ашық күйінде жатқанын тілге тиек еткен аудан әкімі оны тезірек жауып тастауға ұсыныс тастады.

- Егер де оларды жауып үлгермесе, онда жол бойындағы тұрғын үйлерді су басып кетуімен қоса, көктемде халықаралық жолдың мүлде жабылып қалуы мүмкін, - дейді Санжар Әлиев өз сөзінде.

Осыған орай тексеріс барысында облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиұлы қосалқы мердігерлер мен осы жұмыстарға жауапты басшыларға  ұсыныстар мен тапсырмалар жүктеді. Негізгі жолды уақытша жөндеуге 20 күндей уақыт беріп, оны жіті қадағалап отыратынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале