17.11.2015, 11:54
Оқылды: 28

Таусыз жердің ұл-қыздары – тау туризмінен сайыстарда

Akjayik tau tyrizmi   Шымкент қаласында өткен тау туризмінен еліміздің 7 аймағынан командалар сайысқа түсті.

Республика кубогі үшін туристік бұл көпсайыста облысымыздың намысын қорғаған ауданымыздың Тайпақ орта мектеп оқушылары Ернұр Еркашев, Еділ Героев, Дилназ Ажибаева, Нұралы Мұқанов, Нұрлан Майданов (жетекшілері Бейбіт Абиров) «Байламдар», «Өткелдер», «Командалық» қашықтықтары бойынша қорытындыда ІІІ орынды иеленді.


Бейбіт Иғалиұлы осы уақытқа дейін туризмге жаттықтырған оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегер, чемпиондары болып табылады. Ал Ернұр Еркашев республикалық туризм бойынша 2015 жылғы жасөспірімдер рейтингісінде ІІІ орында тұр.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале