28.05.2015, 13:37
Оқылды: 29

Теректілік мерейлері тасқан отбасылар

 mereili otbasi  Республикалық деңгейге шейін оздырылатын «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңі қызу тартысқа толы болды.

Әр отбасы өзіндік ерекшеліктері мен өнерлері, жеткен жетістіктері арқылы бой көрсетіп қалуға тырысты. Аталмыш байқауға 7 отбасы қатысып, кім мықты деген сауалға жауап іздеп, қазылар алқасынан да оң бағалар күтті.

Қорытындысында, бас жүлде, яғни «Мерейлі отбасы» аталымы Покатилов селолық округінен келген Сералиевтер отбасына бұйырды. Жүлделі екінші орын Тайшыбаевтар жанұясына(Федоров селолық округі) еншісінде кетті. Сонымен бірге, ІІ орынды Приречное селолық округі атынан бақ сынаған Чесноковтар отбасы қанжығаға байлады. Үздік үштікті Медетовтар жанұясы(Богданов селолық округі) толықтырды.

Арнайы аталымдар бойынша, «Берекелі отбасы»-Калбировтар жанұясы(Федоров селолық округі), «Еңбекқор отбасы»- Боранбаевтар жанұясы(Подстепное селолық округі), «Парасатты отбасы»-Исмаиловтар шаңырағы(Долин селолық округі) атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале