25.04.2016, 16:51
Оқылды: 25

Турнир жеңімпаздары анықталды

?

   Шыңғырлау ауданының спорт ардагері Талаптыер Дүйсебаевтың зейнеткерлікке шығуына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен волейболдан ашық турнир 12 команда арасында өтті.


   Тиісті сәтте әбжілдік, ұтырлы айла-тәсіл көрсеткен командалар жеңіске бір табан жақындай түсті. Нәтижесінде, турнирдің ІІІ орынын сарапқа салған кездесуде Ақсай қаласының командасы Шыңғырлау аудандық білім бөлімін жеңіп шықты. Финалдық кездесу Аудан әкімшілігі командасы мен Бөрлі ауданының командасы арасында өтіп, Бөрлі ауданы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар аудан әкімі А.Халелов құттықтап, жарыс дипломдарымен марапаттады. Барлық командаларға Талаптыер Дүйсебаевтың жанұясы атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале