1.10.2015, 11:06
Оқылды: 91

Тілдер мерекесін өткізді

KAzak tili   ҚР Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалының ұжымында Қазақстан халықтары тілдері мерекесі өтті.

Кеште филиал директоры Ғалия Сатыбалдина барлық ұлт өкілдері үшін тілдер мерекесінің маңыздылығын, мемлекеттік тілді білудің артықшылықтары жайында әңгімеледі. Сонымен қатар мемлекеттік тілді өз жұмысында сауатты қолданып, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізгені үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның облыстағы және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Орал қаласындағы филиалдары ұжымдары алғысхатпен марапатталды. Сонымен қатар үш тұғырлы тіл саясаты аясында іс қағаздарын мемлекеттік қазақ және ресми орыс және ағылшын тілдерінде жүргізгені үшін филиалдың 6 қызметкері Б. Ешмағанбет, Т. Разварова, Е. Дан, М. Дүйсекешова, Е. Аханов, Т. Өтегеновтерге алғысхат тапсырылды.

Басқосу барысында тілдерге қатысты викторина өткізіліп, қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында достық пен бірлік тақырыбында фильм көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Гүлнар ШӘҢГЕРЕЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале