15.10.2015, 16:05
Оқылды: 24

«Тілсіз жау» дегенің тосыннан...

 

тилсиз жауАлты ай қыстың лебі сезілді... Өзен-көлдерде аса сақтық қажет-ақ. Мұз адамды «алдап соғатыны» белгілі. Яғни, ұзын жолды қысқартамын деп, мұзбен өте шығуға тәуекел етудің ақыры қайғылы жағдайға душар етуі ықтимал. Ондай оқиғалар кездесіп те жүр.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті ауданаралық жедел құтқару бөлімінің басшысы Марат Қабақаев облысымыздың Жаңақала ауданының үш ауылында, Қазталов ауданының барлық ауылдық округтерінде, Ақжайық ауданының Жайықтың оң жағалауындағы барлық, яғни 6 ауылдық округінде, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесуде сондай төтенше жағдайлардан мысал айта отырып, қауіптің қатерін қаперге салды.

Бүгінде Қараөзен және Сарыөзен өзендеріне аз мөлшерде болса да, су келуде. Барлық жерде де мал-жанның амандығы үшін сақтық қажет. Бөлім басшысы «тілсіз жаудың» тосыннан келу ықтималдығына, соны естен шығармау жайында халықтың есіне салу жөнінде сапарларын жалғастыруда.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале