15.03.2016, 20:48
Оқылды: 18

Тұрғындар жарыстардан біріншілікке жиналды

????????????????????????????????????

 Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып Ақжайық ауданындағы Көнеккеткен ауылында әкімдіктің ұйтқы болуымен үстел теннисі мен дойбыдан біріншілік өтті. Жарыстарға қатысушыларды ауылдық округ әкімі Ұлдаш Зайдағалиқызы құттықтады.


30 жасқа дейінгі жастар арасында үстел теннисінен Елдос Жүсіпқалиев I орын иеленсе, одан жоғары жастағылар арасында Дидар Иманбаевтың асығы алшысынан түсті. Ал дойбы бәсекесінде Нұрболат Мәулетұлы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер марапатталды, осындай игі шаралардың басы-қасында жүретін Ауған соғысының ардагері Сағадат Оразғалиевқа, Жастар демалыс орталығының иесі Жаңылсын Ілиясқызына жарыстарға қатысушыларды қолдап, жағдай жасағандары үшін көпшіліктің алғысы арналды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале