30.09.2015, 11:09
Оқылды: 28

Тұңғыш чемпионат өтті

Sirim voleibol   Сырым ауданында ауылдық жердегі жастар арасындағы волейболдан Батыс Қазақстан облысының І чемпионаты аяқталды. Жастар арасындағы тұңғыш чемпионат Жымпитыдағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінде өтті.

Чемпионаттың салтанатты ашылуы шарасына аудан әкімі Абат Шыныбеков, Батыс Қазақстан облысының денешынықтыру және спорт басқармасының өкілі Дәурен Ақеділұлы және спорт ардагерлері қатысты.

Волейбол бәсекесіне қатысушы Ақжайық, Бөрлі, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау және Сырым аудандарының командаларының алаңдағы кездесуі екі күнге созылды.. Әйелдер арасындағы сайыс қорытындысы жарыстың бірінші күнінде белгілі болды. Бөрлі ауданының әйелдер командасы ауылдық жердегі жастар арасында өткен волейболдан Батыс Қазақстан облысының І чемпионатының жеңімпазы атанды.

Келесі күні ерлер арасындағы сайыстың нәтижесі шықты. Финалдық кездесуде Ақжайық ауданының әуедопшыларымен қызу ойын жасап, ақыр аяғында басымдылық танытқан Тасқала ауданының командасы чемпион болды.

Жеңімпаздарды аудан әкімі Абат Шыныбеков пен жарыстың бас төрешісі, волейболдан ҚР Спорт шебері, аға жаттықтырушы Сергей Сафронов марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале