18.12.2015, 18:09
Оқылды: 34

Тәуелсізбін, еркінмін, байтақ елмін

Kaztalov tauelsizbin erkinmin   Қазталов аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр өзінің құттықтау сөзінде; - Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып  өтеміз.


Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Биылғы Тәуелсіздік мерекесі өткен айтулы мерекелік оқиғаларға толы жылмен аталып өтіп отыр. Күні кеше ғана Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын атап өттік. Ал, 30 қараша күні Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, алдымызға үлкен міндеттер қойды. Бұл міндеттерді барлығымыз абыроймен атқарып шығамыз, -деп санаймыз.

Осынау жарқын мерекеде Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, еліміз биік белестерге жетсін, ата-баба аңсаған азат елдің айбыны асқақ болсын! – деген тілегімізді жеткіземіз, - деді.

Тәуелсіздігіміздің бізге үлкен еңбек пен келегені баршамызға мәлім. Осындай егемендігімізді бізге сыйлаған  ауданымыздың азаматтары мен азаматшалары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына белсене жерлестеріміз де болды. Осы салтанатта бір топ желтоқсаншы жерлестерге естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекеде ауданның экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлес қосқан бір топ еңбек ардагерлеріне  «Ауданның құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табыс етілді. Олардың қатарында Ихсан Құтхожин,  Шәріп Хайруллин,  Сәндеш Жақашева, Жайсаң Ақбай бар.

Сонымен қатар “Қазталов ауданының құрметті азаматы” еңбек ардагері Мақсот Батыровқа 85 жасқа толуына байланысты құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.

Салтанатты жиында облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» аудандық маслихат депутаттары Салтанат Өтеғұлова, Жұмабек Хайруллин, Еркін Ғазизов, сондай-ақ облыстық маслихаттың  «Алғыс хатымен» Назгүл Сейфуллина да марапатталды.

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының атынан Марат Тоясовқа, Мирбол Адаялиевке төсбелгі тағылды.

Сонымен қатар биылғы жылы айтулы мерекелік шараларға белсене қатысқандарға  және «Жас жыл үздіктеріне»  облыстық салалық мекемелер мен аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталса, ауданның «Жыл үздіктері» де анықталып, қошемет көрсетілді.

Осы жиында ауданның мем қызметкерлерден құралған волейбол командасының мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, «Тәуелсіздік- Тұғырым» атты театрландырылған  қойылып, көрермен назарына ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале