15.12.2015, 19:15
Оқылды: 35

Тәуелсіздікке тағзым! (ФОТО)

 Tauelsizdik koncert Akim1

Мұз айдыны спорт сарайында тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты  мерекелік салтанатты шара өтті. Арнайы мерекелік концертте ұлтымыздың тарихы бимен өріліп, бейнеленді.

Tauelsizdik koncert Akim5

   Мерекелік концертте өңіріміздің өнер ұжымдарымен бірге, қаламыздағы білім ордалары мен білім ошақтарының оқушылары өнер көрсетті. Бұл кеште Астанадан арнайы келіп, әннен шашу шашқан белгілі ақын, әнші, композитор Елена Әбдіхалықованың шоқтығы биік болды. Жиынға келген өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жиылған жұртшылықты тәуелсіздік мерекесімен құттықтады:

    -Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Тәуелсіздік аспаннан түскен тосын сый емес» Бұл мыңдаған ғасырлар бойғы қазақ халқының асыл арманы. Уақыт - қазақ елінің алдында көптеген сындар  қойды. Ел бірлігінің, татулық пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың арқасында қазақстандықтар осы сындардан абыроймен өтіп келеді. Сондықтан сіздерге ел игілігіне қосқан үлестерің үшін өз ризашылығымды білдіремін. Еліміздің көк байрағы биікте желбіреп, бейбітшілік, тұрақтылық, татулық мәңгі болсын,- деген ақ тілегін жолдады. Салтанатты шарада еліміздегі этносаралық татулықты сақтауға үлес қосып, ел игілігіне қызмет жасап жүрген  бірқатар тұлғалар марапатталды.

Tauelsizdik koncert Akim4

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале