25.10.2016, 10:45
Оқылды: 26

«Тәуелсіздік таң нұры»

????????????????????????????????????

   Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таң нұры» фестивалінің ашылу рәсімі өтті. Оны алғаш болып Қ.Сәтбаев мектебінің ұжымы бастады.


  Фестивальға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысып, сөз сөйледі. – 25 жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзінің ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу бағытында игілікті істер атқарылды. Бабалардың ерлік істерімен қол жеткізілген Тәуелсіздігімізді ұлықтау мақсатында мекемелер мен ұжымдар арасында аталмыш фестиваль бастау алып отыр. Мереке құтты болсын, - деді Люция Әсетқызы. Алдымен мектеп ұжымы тарихымыздан сыр шертетін қойылым қойды. Содан кейін Асылхан Аманғалиев «Сәлем елім» әнін шырқаса, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың бас жүлдегері атанып жүрген «Айкөркем» би тобы «Домбырам мақтанышым» атты биін билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале