5.05.2016, 11:23
Оқылды: 29

«Тәуелсіздік- ұрпаққа берілген үлкен бақыт»

 Kaztalov Jalpaktal    Жалпақтал ауылында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берге үлкен бақыты, мәңгілік құндылығы» атты аудан ақсақалдары мен ардагерлерінің кеңесі өтті. Кеңеске қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерге арналған ескерткішке және жерлесіміз, Кеңестер Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайыновтың кеудетұғырына гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар қолөнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылды.


     Жалпақтал мәдениет үйінде жалғасын тапқан жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр шараға қатысушыларды құттықтай келіп, әркезде де өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде жалықпаңыздар, - деген тілегін жеткізді. Алғаш рет өткізіліп отырған осы бір үлкен жиында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, - ауданда ақсақалдар қоғамдық ұйымының атқарып жатқан жұмыстары туралы хабарлама жасады. Жиында Бостандық ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Серікбай Жапақов, аудандық мәслихат депутаты, жас ұстаз Жанар Какимова,Жалпақтал өнер мектебінің ұстазы Баян Қабиева сөз алып, ардагерлер мен жастар арасында үнемі тығыз байланыс болуына, елде атқарылар игі жұмыстардың басы-қасыңда бірге болу қажеттігіне тоқталып, ой-ұсыныстарын айтты.

    Сондай-ақ жиында ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген бір топ ардагерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

     Кеңеске қатысушылар аудан тұрғындарына арнап Үндеу қабылдады.

     Жиын соңы Жалпақтал мәдениет қызметкерлерінің концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале