10.06.2016, 11:43
Оқылды: 18

Халықаралық жарыста топ жарды

zhanakala zharysta top zhardy   2016 жылдың  1-5 маусым күндері Астана қаласында тоғызқұмалақтан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ASTANA OPEN - 2016» ойындарының ашық халықаралық фестивалі өтті. Бұл жарысқа Қырғызстан және еліміздің барлық облысынан 16 команда, 1000-нан астам ойыншы қатысты.


  Солардың ішінде Жаңақала аудандық спорт мектебінің спортшылары да бақ сынап, облыстың намысын қорғады. Нәтижесінде командалық есеп бойынша Батыс Қазақстан облысы I орынды иеленді. Ал осы команда сапында өнер көрсеткен Қайрат Маратұлы жаттықтыратын жерлестеріміз сайыстың жекелей түрі бойынша 12 жас қыздар арасында  Ақгүл Бауыржанқызы I орынды жеңіп алса, 10 жас қыздар арасында Камила Гафарова II орынды еншіледі. Сондай-ақ, «Ең жас ойыншы» номинациясы бойынша Әлия Төрегелдиева, жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін Темірғали Маралбек Алғысхаттармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале