8.07.2015, 10:44
Оқылды: 19

Халықаралық ғылыми экспедиция

Bokei01110   Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Астана күніне арналған Ресей және Қазақстан ғалымдарының «Астанадан – Астанаға» атты халықаралық ғылыми экспедицияның маршруты Хан ордасы ауылы арқылы өтуі тегіннен тегін емес.

Орал қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нарымбетов бастап келген экспедиция құрамында БҚО тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы М.Сыдықов (экспедиция жетекшісі),  оның орынбасары, география ғылымдарының кандидаты С.Рамазанов, орталықтың ғылыми қызметкері Д.Марыксин, Мәскеудегі Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Э.Зиливинская, Ресей академия ғылымының Орал бөлігіндегі Орынбор дала институтының археология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты С.Богданов, биология ғылымдарының кандидаты С.Жданов, кіші ғылыми қызметкер М.Жданов (екеуі де орынборлық), Астрахан мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Жанәлиев, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қуаныш, осы университеттің З.Қабдолов атындағы гуманитарлық зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы А.Ахмет сынды бір топ ғалымдар мен «БАҚ kz» бас редакторының орынбасары Н.Жолбарыс (Астана) пен «Орал өңірі» газетінің бөлім меңгерушісі Н.Рахманов сынды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева, Хан ордасы ауылының әкімі М.Аққалиев, Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенінің директоры Ғ.Махимов жылы шыраймен қарсы алып, қонақжайлық танытты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале