18.05.2016, 15:36
Оқылды: 17

Чапаев ауылында ашық диктантқа 115 тұрғын қатысты

Akkjayik ashik diktant    «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатын көздейтін диктантқа Ақжайық ауданындағы Чапаев ауылының 115 тұрғыны қатысты. Оның ішінде мысалы, мұғалімдер мен оқушылар 63, мемлекеттік қызметшілер 22, азаматтық қызметтегілер 15, кітапханашылар 15 болды. Олардың арасында өзге ұлттың бірнеше өкілі аз болған жоқ.


   «Мәңгілік Ел – патриоттық актісі» атты диктант мазмұнына «Мәңгілік Елдің» мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақыру түйінделген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жалпықазақстандық ашық шараға қатысушылар аса ынта-ықыласпен атсалысты. Ауданның ең бір үлкен ауылы – Тайпақта да бұл ерекше диктантқа қатысушылар қатары қалың болды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның қоғамдық маңызын арттыру жайында бұл шара барысында барлық ауылда жан-жақты пікіралмасу болды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале