8.06.2016, 19:11
Оқылды: 33

Шапағаты мол шара

Zelenov shapagati mol shara   Республикалық «Нұрлы болашақ» қайырымдылық айлығы аясында  және ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай Дариян ауылында шара ұйымдастырылды.

   Қамқорлыққа зәру, көп балалы отбасыларына қолдау көрсетуді ту еткен шараға  аудандық бөбекжай ,мектепке дейінгі бөбекжай ұжымы да  айтарлықтай өз үлестерін қосты.


   Тінін тарқаталық, балабақша меңгерушісі Н.Құлдашева  осы ауылдың тұрғыны, көп балалы Нұрзила Бердіғалиеваның отбасында болып, материалдық көмек көрсетті. Жаны жомарт балабақша меңгерушісі  отбасының ұйытқысы Н.Бердғалиеваға жылы лебізін білдіріп, атаулы акцияның маңыздылығына да тоқталып өтті.

          Осындай ізгі жандардың ісі мейірімділіктің дәстүрлі түрде жалғасуына ұйытқы болады деген сенімдеміз.

 www.zhaikpress.kz

 Гүлжан  АЯЗБАЕВА

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале