27.06.2016, 9:24
Оқылды: 28

Шаруасы шалқыған шаруашылық

sharuasy shalkygan sharuashylykҚазталов ауданының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Ілгеріге қарағанда қазіргі уақытта ірілі-ұсақты шаруа қожалықтардың саны көп. Әсіресе шағын шаруашылықтардың жұмысы бір ізге түсіп келді. Мәселен, осы ауданға қарасты Ақпәтер ауылында мал өсіріп, кәсібінен нәсібін  тауып отырған азаматтар көп. Солардың бірі ағайынды Хасановтар. Мұрат, Самат Хасановтар 1999 жылы «Қамқор» шаруа қожалығын құрып, бүгінде шаруашылығы шалқып отыр.


 

Қазіргі уақытта ағайындылардың шаруашылығында 25079 гектар жер, «Тақырсуат», «Қоссортан-1», «Қоссортан-2», «Ақмамық» секілді қыстақтары бар. Ақпәтер ауылының шетінде мал бордақылау алаңы болса, шаруашылықта екі «МТЗ-82», екі «МТЗ-802», бір «МТЗ-1221», бір эксковатор, 2 шөп шапқыш «КТП-4», екі рулон буғыш, бір жатка, бір «КУН», үш «2ПТС4» және «2ПТС6» тіркемелері секілді ауыл шаруашылық техникалары бар болса, 20 тонналық «МАЗ» автокөлігі тіркемесімен жұмыс жасауда.

www.zhaikpress.kz
Тұрарбек АҚМУРЗИН
Ақпәтер ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале