20.08.2015, 13:12
Оқылды: 30

Шекара қызметінде дағдарыс жоқ

Janibek shekara  Мемлекеттік шекараны күзету мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің геосаяси орналасуы мен халықаралық қатынас жолдарындағы объективті жағдайлар мемлекеттік шекара күзетін жетілдіру бойынша әрдайым тиісті шаралар ұйымдастырып отыруды қажет етеді. Соңғы жылдары көлік әлеуетінің өсуіне байланысты шекаралық өткізу пункттерінде жолаушылар мен жүк ағымының, жеке адамдар мен көліктердің көбейгенін айтуымыз керек.

«Жәнібек» шекаралық бақылау бөлімшесінің басшысы, майор Нұрзат Атабаевтың бізге берген мәліметіне сай «Батыс» өңірлік басқармасының 2036 әскери бөліміне бағынышты «Жәнібек» (автокөлік) шекаралық бақылау бөлімшесі еліміздің мемлекеттік шекарасын күзетеді. Қаруландыруда тұрған шекаралық бақылаудың техникалық құралдарын білу және құжаттарды тексеру, сонымен бірге көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп, қадағалау, бақылау, мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын материалдар мен заттарды бақылау барысында олардың дұрыс пайдалануына зер салу аталмыш құрылымның негізгі міндеттеріне жатады. Аталған құрылымның шекарашылары, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдардың қылмыстық және жымысқы әрекеттерін жекеленген белгілері бойынша анықтап, халықаралық қатынас жолдарында пайдаланылатын жүріс-тұрыс, айла-тәсілдер мен әдістемелер психологиясын сұрыптай білуі қажет.

Үстіміздегі жылдың 6 айында  «Жәнібек» шекаралық бақылау бөлімшесінің басшылығы мен шекарашылары шекаралық бақылау сапасының көтерілуіне қол жеткізді. Мемлекеттік шекара бұзушыларды анықтау, ескерту және оның жолын кесу бойынша аталған бөлімшеде  де белсенді іс-шаралар атқарылған.  Мәселен, шекаралық бақылау бөлімшесіндегі қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің нәтижесінде биыл бірінші жартыжылдықта мемлекеттік шекараны бұзушы 15 адам ұсталған. Олардың басым көпшілігінің мемлекеттік шекара арқылы өтуге құжаттары жарамсыз болса, енді біреулері еліміздің аумағына келу тәртібін бұзғандығы анықталған.

-Соның ішінде елімізге Ресей Федерациясынан қарумен (мылтық) енушіліктің 2 дерегі болса, суық қарумен  (пышақ) өтудің де 2 дерегі анықталды. Мұндай ұстаулардың бәрі кездейсоқтық емес. Мұның бәрі осы деректерді анықтауда ерекше көзге түскен шекаралық бақылау бөлімшесінің сержанты Асыланбек Сапашев, сержант Рүстем Хасенов, кіші сержант Нұрлан Қарабаевтың тынымсыз еңбегі мен қырағылығының нәтижесі,-дейді «Жәнібек» шекаралық бақылау бөлімшесінің басшысы Нұрзат Атабаев.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале