4.05.2016, 18:44
Оқылды: 23

Шыңғырлауда облыс дәрігерлері қабылдау жүргізді

Shingirlau oblis darigerleri kabildau   Шыңғырлау аудандық ауруханада облыс дәрігерлерінің тұрғындарды қабылдау, бұқараға кеңестік –диагностикалық көмек көрсету шарасы өтті. Бұл шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырып, облыс халқының денсаулығын тексеруден өткізе отырып, диагноз қою, кеңес беру және шұғыл ем жасау жұмыстарын жүргізуге штаттан тыс бас мамандар, яғни, жоғары дәрежелі маман дәрігерлерден құрылған медициналық көмек тобын ауыл-аудандарға шығару аясында жүзеге асырып жатыр.


    Осындай мақсатта ауданымызда 10 маман дәрігері бар, нақты тоқтала кетсек, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ғ.М. Құлмұханова бастап келген жалпы оташы(хирург), жүрек-қан тамыры хирургі, травматолог, уролог, онколог, кардиолог, лор, офтольмолог және әдіскерлік көмек көрсету ісінің мамандарын қамтыған арнайы топ тұрғындарды қабылдап, тексеруден өткізді.

    - Бұл аса қажетті шаралардың бірі болатын. Жазғытұрымғы адам ағзасының әлсірейтін шағында осындай білікті, жоғары дәрежелі мамандардың келуі біз үшін үлкен көмек. Себебі, ауылдық жерлерде тұратын халық бар, арнайы облысқа барып қаралатын мүмкіндіктері болмай жататын жандар бар, солардың бәріне осы ауылдан қаралуға мүмкіндік туып отыр. Қабылдаулар бүгін күні бойы жүргізіледі және 4 ота жасалмақшы. Ол грыжа, өттен тас алу сияқты сырқаттарды емдеу бағытында өтпекші,- деп түсінік беріп өтті ауданымыздың бас дәрігері Қылыш Жазықбаев.

   Келушілердің басым бөлігі қан қысымы жоғары, жүрек қан тамыры сырқатына шалдыққандар. Бұл тұрғыдадәрігерлер белсенді жаяу жүруге, жұмысқа жаяу немесе велосипедпен көбірек серуендеуге, жаздың ыстық уақытында сұйықты мол ішуге, осы әрекеттер арқылы қан тамырларында тромб түзілу қаупін азайтуға кеңес беруде.

     Шара нәтижесінде 3 үлкен ота жасалып (2 өттегі тасты алу, 1 шап аймағындағы жарық ауруы), жүрек ақауы бойынша-25 адам, травматолог-дәрігерде-28, урологқа-25, онколог дәрігерде-26, офтольмолог маманда 35 адам, лор дәрігерде-24 науқас, тамыр-желілк хирургке-27 адам, УЗИ-да-9 адам қабылдауда болды. 11 адамға кеңестер берілді. 36 адамға тексеруден өтуге жолдама берілді. Көрсетілген көмекке тұрғындар аса разыболып отыр. Отадан шыққан сырқаттардың жағдайлары жақсы.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале