13.07.2016, 17:36
Оқылды: 96

Шыңғырлау ауданында жаңа жәдігер табылды

Жаңа жәдігер табылды  Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылының маңындағы ескі қорымнан тарихи құнды жәдігер табылды.  Көнекөз құлпытастың (суретте) бейтаныс бедерін облысымыздың осы бағыттағы білікті маманы Қазыбек Құттымұратұлы оқып, анықтап берді. Бұл жәдігер қазақтың біртуар ұлы табын Бөкенбай батырдың ұрпағы Тіленшінің ұлы Аралбай тарһанның бәйбішесіне қойылған құлпытас болып шықты.  Қазіргі тілмен түсіндірсек, тарһан атағы екінің біріне берілмеген, таңдаулы әскери лауазым. Бұл ханның ордасына рұқсатсыз кіре алатын адам болған, яғни, сенімді, хандықтың мүддесіне адал қызмет етуші адамға лайықты дәреже.

  Құлпытасқа қатысты Шыңғырлау ауданы әкімдігі жанынан құрылған көне ескерткіштер мен жәдігерлерді зерттеу комиссиясының аталған қорымда зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы жоспары жасақталуда.

   Табылған жәдігер Шыңғырлау өңірінің тарихы талай ғасырдың құпиясын қойнауына бүккен шежіре мекен екенін дәлелдей түседі.

www.zhaikpress.kz

Қуаныш Есенов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале