17.08.2016, 11:10
Оқылды: 50

Шыңғырлау ауданында салық пен төлемдер жоспары артығымен орындалды

                  Шыңғырлау ауданы бойынша 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жергіліктіIMG_5590
бюджетке түсетін салықтар мен төлемдер бойынша жоспар 103 млн.115 мың теңге болса, нақты түсім 162 млн. 707 мың теңгені құрап, жартыжылдық жоспар 157,8 % немесе 59 мың 592 теңгеге артық орындалды. Бұл туралы аудан әкімі Альберт Есалиев аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІ сессиясында депутаттар алдындағы есебінде айтты.

Сондай-ақ, ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 млрд. 51 млн. 9 мың теңгені құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-маусым айымен салыстырғанда 103,7%-ға көп. Жыл басынан бері 1720,9 тонна ет өндірілді.

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ірі қара малының саны 26,4 мың бас немесе 101,3 % құрады. 2016 жылы «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары  бойынша мал сатып алу жүргізілуде.  Жыл аяғына дейін бұл жұмыстар жалғасатын болады. Бүгінгі күнге дейін асылдандыру бағытында атқарылған шараларға 12 млн. 48 мың қаржы Үкіметтен төленіп отыр.

Аудан бойынша 108 шаруа қожалығы, 13 ЖШС, 1 өндірістік корпоратив жұмыс істейді.  Әуелгі жоспар бойынша ауданға міндеттелген 72915 т шөп даярлау 75100 т-ға артығымен орындалған, кейінгі берілген тапсырма бойынша мал азығын дайындаудың екі жылдық нормасы беріліп, бұл жоспар бойынша 145830 т шөп дайындау міндеттелді. Қазіргі таңда бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале