15.09.2016, 16:12
Оқылды: 17

Шыңғырлау ауданы өнімі- Астана жәрмеңкесіне

%d0%bc%d1%8f%d1%81%d0%be  Жақында Астана қаласында өткізілетін  ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне біздің  шыңғырлаулық шаруашылық құрылымдары да үлес қосып, 1 тонна ірі қара етін және бір тонна  жылқы етін  апаруды жоспарлаған-ды. Міне, енді  аудан әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов бастаған топ – ауылшаруашылық бөлімінің мамандары Астана қаласына жол тартты.


 - Шұрайлы жердің шөбін  тартып,  суын ішкен малдың еті астаналалықтар мен қонақтарына  қолайлы бағамен сатылмақ,- дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Азамат Бисенбаев.

Ия, еңселі еліміздің төрінде өтетін жәрмеңкедегі біздің өнім ауданымыздың  шырайын шығаратынына сенім  мол.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале