1.06.2016, 20:00
Оқылды: 31

Шыңғырлау түлектері ҰБТ-ге аттанды

Screenshot_2016-06-01-20-55-25-1Бүгін Шыңғырлау ауданының түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына аттанды. Осы шараға орай аудан басшылығы, ұстаздар мен аға буын қариялар, ата-аналар қатысқан сәт-сапар тілеген ізгі рәсім ұйымдастырылып, аудан әкімі А.Есалиев түлектерді құттықтап, алдағы сынақта сәттілік тіледі.


 

Аудан мерейі, ата-аналар үміті және ұстаздар еңбегінің ақталар тұсында барынша жинақы болып, сынақтан мүдірмей өтулерін тіледі. Осындай бата-тілектер зейнеткер-ұстаздар Бақытжан Сапаров пен Альфред Исмагилов қариялардан да арналып, түлектерге ақ жол тіледі.

Мұнан соң түлектер арнайы ұйымдастырылған ауданымыздағы «Абубакиров» жеке кәсіпкерлігінің «Hyundai» және «Marf» автобустарымен Ақсай қаласына аттанып кетті.

Сынақ ертең - 2 маусымда Ақсай қаласының №4 орта жалпы білім беретін мектебінде өтпекші. Ауданымызда мектеп бітірген 97 түлектің 62-сі қатысқалы отырған ҰБТ сынағынан үмітіміз көп. Бұл орайда «Алтын белгіге» үміткер 6 оқушымыздың бар екенін айтсақ та болады.
-Түлектер қазіргі таңда Ақсай қаласына жетіп, «Қарашығанақ» қонақ үйіне орналасты. Көңіл-күйлері жақсы, сынаққа тас-түйін дайын,- деп хабарлайды аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлнар Теміржанқызы.
Сынақ сәтін, оның сәтті өтуін барша аудан болып күтуліміз.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале