15.03.2016, 9:44
Оқылды: 48

Электрондық сервис қызметтері туралы ақпараттық баннер

Zelenov elektrondi servis   Зеленов аудандық №2 соты Зеленов ауданы Дариян ауылының Халыққа қызмет көрсету орталығында, Абылай хан атындағы орталық көшесінде «Сот кабинеті» электронды сервисінің қызметтері және сот кабинетінің мобильді нұсқасы туралы ақпараттық баннерлер орнатты.

Сот кабинеті – бұл Қазақстан Республикасының сот органдарының сервисіне мобильдік байланыс және ғаламтор арқылы электронды түрде кіруге арналған терезе болып табылады.


Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтініш хаттарды жолдауға, сондай-ақ сотта істің қаралу барысын бақылай алады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале