4.03.2016, 11:37
Оқылды: 28

Ірі көлемдегі айыппұлын төлемегені үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды

 Iri kolemdegi ayippyl tolemegeni yshin  Орал қалалық сотының 3 наурыздағы қаулысымен Теректі аудандық білім беру бөлімінің бұрынғы басшысы Светлана Шүкіроваға қатысты айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөніндегі мемлекеттік сот орындаушысының ұсынымы қанағаттандырылды.


Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Орал қалалық сотының 2 қыркүйек күнгі үкімімен С.Шүкірова ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі 4-тармағы, 24-бабы 3-бөлімі-366-бабы 3-бөлімі 4-тармағы, 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағы, 24-бабы 3-тармағы-189-бабы 3-бөлімі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып және 58-бабы 3-бөлімі қолданыла отырып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 18,9 млн. теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылған болатын. Алайда сот орындаушысы айыппұлды төлеу қажеттігі жөнінде хабардар етсе де, ол осы кезге дейін төлемей, қасақана жалтарып келген.

ҚР ҚК 41-бабы 3-бөлімі негізінде егер сотталушы жасаған қылмысы үшін айыппұл төлеуден жалтарған жағдайда ол  бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады. Осы себептен С.Шүкіроваға 18,9 млн. теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеумен ауыстырылды.

Сотталушы сот залында қамауға алынды.

Еске сала кетейік, С.Шүкірова пара алып, Чапаев және Новопавлов орта мектептерінің директорларын тағайындаған. Оған қоса сотталушы бөлім қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрықтар шығарған. Шын мәнісінде олар ешқайда бармаған. Бұған бөлінген қаржы С.Шүкіроваға беріліп отырған. Сондай-ақ ол аттестациялық комиссияның төрайымы ретінде білім бөлімі қызметкерлеріне біліктілік санатын бергені үшін ақшалай пара алған.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале