17.05.2016, 10:13
Оқылды: 27

Ісі үлгі - елге сыйлы

????????????????????????????????????

   Олар ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, еліміздің игілігі жолында тер төгіп,  жарғақ құлақтары жастыққа тимей тынымсыз еңбектенді. Еңбегі еленген, елге сыйлы олардың жүріп өткен жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

     Хош делік, халқы қадір тұтқан - Есенгелді Киргенев, Махмет Мұсақұлов, Любовь Шмариналарды «Зеленов ауданының Құрметті азаматы» атағына  бірауыздан лайықты деп таныды аудан жұртшылығы.


     «Құрметті азамат» атағын иеленген үш кісі де өңірдің өркендеуіне септігі мол тұлғалар.

    Бүгінгі таңда бейнетті еңбектің зейнетін көріп отырған еңбек ардагерлері – Есенгелді Киргенев, Махмет Мұсақұловтар осы уақытқа дейін әмәнда жақсы қырынан көрініп келді. Ал, ұлағатты ұстаз болған, бірқатар лауызымды орындарда абыроймен қызмет атқарған Любовь Шмарина қазіргі уақытта аудандық қоғамдық кеңес төрайымы.

      -Әрқайсыңыздың еңбек және өмір жолдарыңыз үлкен құрмет көрсетуге лайық. Жас буынға тамаша үлгі бола білдіңіздер», - деген аудан  басшысы Кәрім Жақыпов  жоғарыда есімдері аталған жандарға  алғыс хат ұсынып, кеуделеріне төсбелгі тақты.

     Ал, ауданымыздың Құрметті азаматтары қатарын толықтырғандар өз кезегінде әркез қолдау көрсетіп, азды-көпті еңбектерін елегендері үшін еліне ақжарма ақ тілектерін жаудырды.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале