26.08.2016, 16:56
Оқылды: 19

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде   Бүгін Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 15-тармағына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыстар комитетінің жоспары бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру, орыс тілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттау мақсатындағы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы аясында БҚО Тілдерді дамыту басқармасының  ұйымдастыруымен кездесу өтті.


Батысқазақстандық сақшылар мемлекеттік тілдің дамуына үлкен үлес қосып жүрген республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім,  республикалық тілдерді оқыту орталығының бөлім меңгерушісі Сергібаев Әлім Сәдуақасұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыстар комитетінің бас сарапшысы Гүлфариза Мұқанова және «Ағартушы» лингвистикалық орталығының директоры Жексенғалиев Болат Өтеғалиұлымен кездесіп, олардың дәрісін тыңдады. Сондай-ақ, кездесуге Батыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ихсанғали Махамбет Мәтенқожа мен аталған басқарма қызметкерлері қатысты

Кездесу дөңгелек үстел ретінде өтіп, екі жақ бір-біріне сұрақ қойып, жауап берді. Аталған іс-шара барысында Дос Көшім қазақ тілінің қолданыс аясын одан әрі кеңейту жолдарын көрсетіп, қазіргі уақытта қоғамның мемлекеттік тілге қарай бет алғанын атап өтіп, орыс тілді қызметкерлерге балаларын қазақ тілді мектептерге беруге кеңес берді, Жексенғалиев Болат Өтеғалиұлы өз кезегінде екі тілді білген адамның мемлекеттік қызметте мүмкіндігі мол екенін атап көрсетті.

Шара барысында полиция қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесуден қызметкерлер үлкен әсер алып, біраз ой түйіп тарады.

Осылайша,  мерейі үстем қазақ тілінің мәртебесі тағы бір асқақтап қалды.

БҚО ІІД мемлекеттік тіл

және ақпарат бөлімі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале