5.09.2015, 9:00
Оқылды: 17

«Қазақстанның үздік тауар» сайысының жеңімпаздары анықталды

Tsakala 4 jenimpaz aniktaldi   Биыл Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілігі мен БҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қолдауымен тамыздың 27-ші жұлдызында  «Қазақстанның үздік тауар-2015»сайысына облысымыздың 23 ірі, шағын және жеке кәсіпкерлері қатысты. Сайыс Орал қаласында Қазақ драмма театрында қорытындыланды. Оның негізгі мақсаты ең үздік деген кәсіпкерлерді анықтап, олардың өнімдерін  кеңінен насихаттап, сапалы тауарларды халыққа ұсыну болатын.

Аталмыш байқауға біздің ауданнан жеке кәсіпкерлер С.Шотанов пен Ю.Степанова қатысты. Облыс көлемінде өткізілген үлкен  сайыста жеке кәсіпкер С.Шотановтың өнімдеріне деген қызығушылық басым болды. Тіпті оның тауарларына деген сұраныс та арта түсті. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлерден де көптеген ұсыныстар түсті.

Байқау нәтижесі бойынша үш аталым белгіленіп, тоғыз қатысушы жүлделі орындарға ие болды.

БҚО-ның «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының төрағасы К.Абсатиров жерлестеріміз  С.Шотанов пен Ю.Степанованың еңбектерін бағалап алғысхат пен бағалы сыйлық тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Р.Сатыбалдиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале