21.03.2016, 10:28
Оқылды: 28

Қазталовта сайлау ұйымшылдықпен өтті

Kaztalovka   Қазақстан Республикасының Парламент және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау зор ұйымшылдықпен өтті. Ауданда құрылған  48 сайлау учаскелеріне сайлаушылар келіп, өз таңдауларын жасады.


Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды мәліметі бойынша аудандағы 18046 сайлаушының 17417-сі дауыс берді. Бұл сайлаушылардың 96,5 пайызын құрап отыр. Сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге атқарушы органдар материалдық-техникалық жағынан жақсы қамтамасыз жасады. Шалғайдағы сайлау учаскелерінен уақытылы сайлау материалдары жеткізілді.

 Сайлаушылардың көңіл-күйі жоғары болды. Олар бірлік пен тұтастық үшін дауыс берді. Сайлаудың өту барысында мәдени шаралар да нәтижелі ұйымдастырылды. Қазталовтықтар өздерінің бірлігін, елдің тұтастығын тағы да дәлелдеді.

www.zhaikpress.kz

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале