16.02.2016, 17:01
Оқылды: 28

Қазталов аудандық мәслихаттың 41-ші сессиясы өтті

Kaztalov sessia   16 ақпан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41-ші сессиясы өтті. Сессияда аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев, -2015 жылғы 24 желтоқсандағы №39-6 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы, -хабарлама жасады. Сондай-ақ сессияда Қазталов ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық дамыту бағдарламасын бекіту туралы шешім қабылданды.


Сессияда қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді.
Сессияда басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессияда аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов қаралған мәселелер жөнінде түсініктер берді.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале