22.09.2015, 19:20
Оқылды: 20

Қазталов ауданындағы жасөспірімдердің көбінінің әскер қатарына барғысы келмейді

JAlpaktal jastar askerge dayin ba    Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, Қазталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Юрий Кауисов, Жалпақтал емханасының меңгерушісі Гүлнар Сапахова күзгі әскерге шақырылым бойынша медициналық комиссия ұйымдастырылып, әскерге шақырушылармен кездескен болатын.

-Бұл медициналық комиссияға Жаңажол ауылдық округінен 34 бозбаланы әскерге шақырса соның 9-ы, ал Көктеректен 57-ден 19-ы, Қараөзен ауылынан 30-дың 13-і, Талдықұдықтан 15-тің 3-і, Қарасудан 37-нің 8-і медициналық тексеруге келіп отыр. Аудан бойынша 1300 жасөспірім әскер қатарына шақырылуы тиіс,-дейді бізбен кездескен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Юрий Виталиұлы.

Тексерілуге келген жасөспірімдердің көбінінің әскер қатарына барғым келмейді деген жауап естідік. Себебін сұрай қалғанымда әртүрлі сылтау айтса, енді біреуі мен «қазір әскерге дайын емеспін» деген жауап алдық сонда бұл жасөспірімдер қай уақытта, қашан дайын болады? Ал енді біреуі ауызындағы сөзін айта алмасы, кейбіреулері қолына берген қағазды оқи алмай ежіктеп, әрең оқып берді. Қарасу ауылынан келген соқталдай Темірхан Манкишевтің айтуынша жасым 25-ке келіп қалды, әскерге барғым келмейді, әртүрлі сылтау айтса, көктеректік жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Тілеухан Төлеуғалиев бірден «Жоқ» деген жауап алдық.

Сонда жастар жетекшісі бола тұра әскерген барғысы келмейтіні, кейінгі жастарға қандай патриоттық тәрбие болады!?

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале