18.11.2015, 19:51
Оқылды: 14

Қазталов ауданының әкімінің төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті

 

Kaztalov kis Nyrlan 01   Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте, -ауданда мал қыстату науқанын ұйымшылдықпен өткізу, мәселесі туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов хабарлама жасады.


Ауданда қыс айына 64737 ірі қара, 242778 бас қой, 18182 бас жылқы, 197 бас түйе малы кіргелі отыр. Аудан бойынша 113 мың тонна мал азығы дайындалса, сонымен қатар өткен жылдан қалған 65 мың тонна табиғи шөп бар. Былайша айтқанда, тапсырма 102 пайызға орындалып отыр. Сонымен қатар Қазталов, Жалпақал ауылдарында құрама жем де сатылуда. Ал, Ақпәтер ауылдық округінің 2 шаруа қожалығы Қостанай облысынан құрама жем алуды жоспарлауда. Жалпы алғанда қыс айына әзірлік жұмысы ойдағыдай деуге болады.

Мәжілісте аудан әкімі қаралып отырған мәселе бойынша мал қыстатуға әзірлік барысын арнайы қараған жұмысшы тобының жоқ екенін қадап айтты. Олай дейтініміз, аудан әкімі аппараты бөлімдері  бұл қаралған мәселені әрбір округтерден қағаз жүзінде ғана анықтамалар арқылы дайындаған. Оны жинақталған құжаттардан байқадық. Осы арада мынандай мәселе туындайды. Әрине, ауылдық округ мамандары мал қыстату науқанына байланысты жалған ақпарат беріп отыр деп түсінбейік, барлығы да дұрыс болар. Бірақ округтерден келген анықтамаларға сүйеніп әкімдік мәжілісінде қаралған мәселеге нүкте қоюдың өзі артық сияқты.

Біз білетін аудан әкімдігінде қаралатын мәселе жан-жақты зерттелу үшін арнайы жұмысшы тобы құрылатын. Ал, ауылдық жердегі қыс айындағы бірден бір өзекті мәселе – мал қыстату науқанын 16 округтен жинап алған анықтамаға сәйкес баға беру қиынның қиыны дейміз.

Осы арада Елбасының «100 нақты қадам» реформасында: «... Әлбетте әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарынан көріну үшін ең алдымен мықты мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесі мейлінше өзекті.» -деген болатын. Осыны ескерер болсақ аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлер осы талаптан кемшін қалып жатыр ма деген ой келеді. Сондықтан мемлекетшіл қызметкер болу үшін қай нәрсені де ұсақ-түйек деп қарауға болмайтынын айтып тұрғанымызға дау айта алмас деп білеміз.

Мәжілісте өткен  қайырымдылық айлығының қорытындысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева хабарлама жасады. (толық мәтіні газетте жарияланатын болады.)

Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Kaztalov kis Nyrlan 02

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале