23.09.2015, 10:04
Оқылды: 24

Қазталов ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Kaztalov akim kabildau    Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, ауылдың бір топ тұрғындарын қабылдады.

Қабылдауға ауданымыздың аппарат басшысы Артур Берденов, Қазталов аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов, аудандық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Зоя Қанаева, Жалпақтал, Қарасу ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Қабылдауға келгендердің дені жұмыс және тұрғын үй мәселесі болды. Барлық тұрғындарды мәселелерін тыңдаған аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы тұшымды жауаптар қайтарды. Барлық мәселелер заң талабына сай шешілетінін жақсы түсіндіріп өтті.

-Жеке кәсіпкерлерге барып жұмыстаныңдар. Немесе жеке кәсіппен айналысыңдар. Қазіргі уақытта өз кәсібін ашамын дегендерге қолдан келгенше көмектесуге әзірміз. Ал Тұрғын үй мәселесіне келер болса ол өз кезегімен шешіледі. Қазіргі уақытта заңнан аттап, жағдайы төмен екен деп сендерге үй бере алмаймыз,-деп нақты айтты Нұрлан Мағазұлы.

Жұмыссыздық мәселесіне тоқталған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жаңадан тағайындалған Жалпақтал ауылының әкімі Самиғолла Сафиоллаұлына біраз тапсырмалар жүктеді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале