21.10.2015, 11:08
Оқылды: 24

Қамқоршыларға арналған құрмет

Әлеуметтік қызм.куниЕлбасы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі 2011 жылдан бері Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні ретінде атап өтілуде.

Өмірдің қиындығына тап болған қарияларға, аз қамтылған, көп балалалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға жан жылуын сыйлап, қамқорлық танытып жүрген әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі ерекше. Өмірдің ауыр сынағына ұшыраған жандарға мейірімділік сыйлаған әлеуметтік қызметкерлдердің құрметіне арналған мерекелік шара биыл да жалғасын тапты.

Сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Каналин әлеуметтік қызметкерлер О.Батханова, А.Гатауова, А.Есенжанова, А.Қабақбаева, Т.Перевай, З.Қалдыбаеваларға, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі С. Макеева мен сектор меңгерушісі Г.Умироваға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Мерекелік лебізін білдірген аудандық мәслихат хатшысы Әділхан Куликешев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О. Басимова мен бас маманы А.Басимованы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталықтың маманы А.Асанованы, әлеуметтік қызметкерлер Г.Сәрсенғалиева мен Ж.Шаишеваны алғысхатпен марапаттады.

Мерекелік шарада өзінің әріптестеріне деген ақжарма тілегін арнаған Ольга Басимова, Бөрлідегі жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Р.Камаловтар саланың жұмысын жандандыру жолында бірлесіп қызмет атқарып келе жатқан мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Мереке иелеріне әннен шашу шашып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале