28.09.2016, 11:26
Оқылды: 42

Қарасора өсірілген аса ірі көлемдегі плантация анықталды

img_9541БҚО ІІД Есірткі биззнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қарасора өсірумен айналысқан  аса ірі көлемде плантацияны анықтады.


 

24 қыркүйекте Зеленов ауданы Шолпан ауылынан бірнеше шақырым жерде Орал өзенінің жанындағы орман алқабынан бірнеше  қашықтықта БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз қарасора өнімін өсірумен айналысқан үш азаматты анықтап, қолға түсірді. Олар Қызылорда қаласының 1951 және 1962 жылы туған тұрғындары, сондай-ақ, 1964 жылғы «П» есімді қала тұрғыны болып шықты.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері 1965 түп қарасора және 132 кг-дан астам марихуана есірткі затын тәркіледі. Сонымен img_9563қатар тергеп-тексеру барысында күдіктілерден қарасораны өсіруге арналған құрал-саймандар тәркіленді. Сараптамашылардың пікірінше, тәркіленген есірткі заттардың құны, түптерді санамағанда, 50 миллионнан астам теңгені құрап отыр.

Қазіргі уақытта есірткі жасаушылар Орал қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2-бөліміне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

 

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале