13.05.2016, 17:01
Оқылды: 26

Қаратөбеде көше гүлдері отырғызылды

????????????????????????????????????

     Жылдағы дәстүр бойынша туған ауылды гүлдендіру, көркейту мақсатында Қаратөбе ауданы орталығының көшелеріне гүлзарлар орнатылып, көше гүлдері отырғызылды.

    Арнайы орындар мен аспалы ыдыстарға отырғызылған гүлдер Орал қаласынан алдырылған.


    Көше гүлдерін уақытылы суару, күтімге алу, айналасын арам шөптен тазарту жұмыстары қоғамдық ақылы қызметке тартылған еңбеккерлерге жүктелген, - дейді Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ерболат Бердіғалиев.

    Айта кету керек, көше гүлдері 15 гүл егетін арнайы орынды қоспағанда, 230 шаршы метр аумақты алады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале