5.11.2015, 17:18
Оқылды: 48

Қаратөбеде «Терроризмнің пайда болуы мен таралу себептері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Karatobe02   2-6 қараша күндері «Терроризмнің пайда болуы мен таралу себептері» тақырыбындағы апталық аясында Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Саралжын ауылдық округінің маманы Мейрамгүл Бектұрсынова және кітапхана меңгерушісі Таңсәуле Айталиеваның ұйымдастыруымен мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Дін және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында кітапхана меңгерушісі Таңсауле Айталиева дайындаған «Дін және экстремизм» тақырыбында баяндама оқылды. Оқушылар дөңгелек үстел барысында өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. «Дінтану» пәнінің мұғалімі Сандуғаш Хамидуллина қоғамдағы секталардан аулақ болу мақсатында оқушыларға сауалнама жүргізді. Мекеме жанына Саралжын ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жастар-діни экстремизм мен терроризмге қарсы!» атты билборд ілінді.

 www.zhaikp 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале