25.03.2016, 15:32
Оқылды: 63

Қаратөбеде «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты дөңгелек үстел өтті

????????????????????????????????????

   Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залында аудандық соттың ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты дөңгелек үстел оздырылды.

Дөңгелек үстелді аудандық соттың төрайымы Бақытгүл Жәңгірова кіріспе сөзбен ашты.


Шарада алдымен аудандық соттың бас маманы Самалгүл Жұмағалиева баяндама жасады.

Одан соң, дөңгелек үстелге қатысушылар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

Олардың ішінде аудан прокурорының көмекшісі Райхан Мұқанова, Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Асыланбек Бисембай, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мэлс Ысқақов, Қаратөбе АІІб-нің КЖт КД аға инспекторы, полиция капитаны Алмаз Елбаев, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашы Динара Мұзафаровалар бар.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьясы Олжас Қуандықұлы қатысып отырды.

Шараны қорытындылаған сот төрайымы Бақытгүл Шабайқызы мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ардақтау, мекеме-кәсіпорындардағы іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу қажеттілігін баса айтты.

  www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале