3.06.2015, 17:11
Оқылды: 35

Қаратөбеде ҰБТ сынағы өтуде

KAaratobe YBT  Бүгін Қаратөбе ауданында Ұлттық бірыңғай тест сынағы өтуде. Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында басталған білім бәсекесінің ашылу салтанатында сөз алған мемлекеттік комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, апелляциялық комиссия төрайымы Сәуле Қожахметова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жасұлан Сұлтан жас түлектерге тест парақтарын асықпай белгілеп, жоғары балл жинауларына тілектестіктерін білдіріп, ақ жол, сәт сапар тіледі.

Аталмыш білім сынағына аудан бойынша 11 ЖОББМ-тен 198 мектеп бітіруші түлектің 143-і қатысуға өтініш білдірген. Бұл бітіруші түлектердің 72,2 пайызын құрап отыр. ҰБТ сынағын тапсырушы түлектердің 14-ті «Алтын белгіге» үміткер.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале