4.05.2016, 18:47
Оқылды: 30

Қаратөбелік өрен Алматыдан бас жүлде иеленді

Karatobe Almatidan bas jylde   Алматы қаласында оздырылған ІY республикалық «Тайжарыс» радиобайқауынан қаратөбелік балғын күйші Қайрат Байғұтты бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов аталмыш қалада өнер байқауында жүрген жеңімпаздың ұстазы Самат Макарұлының қуанышты хабарына сілтеме жасап.

  Жас өнерпаз Қайрат Байғұтты байқаудың «Аспапта орындау» жанры бойынша Құрманғазының күйі «Сарыарқаны» шебер орындап, халық қошеметіне бөленген.


   Бүгінде ол Шөптікөл ОЖББМБ-ның 9-сыныбында оқиды. Қосымша Қаратөбе балалар саз мектебінен дәріс алады.

   Жас өнерпаз бұған дейін де өткен республикалық, облыстық өнер додаларында жүлделі орындарға қол жеткізген. Оның бірі – Астана қаласында өткен халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауы (ІІ орын) болса, екіншісі – облыстық 49-шы жас музыканттар байқауы (ІІІ орын).

    Қайратты қазақтың ұлттық рухани мұрасы күй өнеріне баулып жүрген ұстазы Самат Акимов шәкіртінен үлкен үміт күтеді.

    Ендігі уақытта лауреат атанған Қайрат Абайұлының орыдауындағы шығарма «Шалқар» радиосының әуе толқынынан берілетін болады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале