1.09.2016, 13:54
Оқылды: 43

Қаратөбе ауданында – алғашқы қоңырау үні

????????????????????????????????????

   Бүгін Қаратөбе ауданына қарасты Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында «Алғашқы қоңырау» салтанаты оздырылды. 


 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен салтанатты шарада алғаш сөз кезегін алған аталмыш білім ордасының директоры Есен Ғұмаров:

   - Тәуелсіздік жылдарында ел дамуының басты кепілі Ата Заң мерекесі мен бүгінгі Білім күні құтты болсын!

   Өркениет төріне ұмтылған Тәуелсіз мемлекетіміздің «Мәңгілік Ел» ұстанымымен барша ұрпақ тәрбиеленетіндігі сөзсіз.

   Мектебімі жаңа оқу жылын 172 оқушымен бастап отыр. Биылғы жылы өткен ҰБТ сынағына мектеп бойынша 10 оқушы қатысып, орташа балл 75,30 көрсеткішті көрсетті. 1 түлек ЖОО-ның мемлекеттік білім беру грантын иеленсе, 3 түлек арнаулы оқу орындарының грантының иегері атанды, - деді.

   Білім күні мерекесімен құттықтап, сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров пен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Серік Нұрмағанбетов жаңа оқу жылының басталуымен ұстаздар қауымы мен шәкірттерді құттықтап, еңбектеріне жеміс тілеп, оқуда озат болуға шақырды.

   Мереке барысында 1-сынып табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, өнерпаз өрендер әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй де тартты.

  Салтанатты шара барысында аудан әкімі Асхат Берлешұлы мен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Серік Базарұлы 1-сынып оқушыларына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын салтанатты түрде табыс етті.

   Жаңа оқу жылының басты айшығы боп саналатын алғашқы қоңырауды мектептің 11-сынып оқушысы Дастан Дарханұлы мен 1-сынып оқушысы Айымбибі Айбекқызы сыңғырлата соқты.

   Айта кету керек, бұл күні барлық сыныптарда «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале