19.02.2016, 12:45
Оқылды: 30

Қаратөбе ауданында кәсіпкерлердің қоғамдық кеңесі өтті

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлердің қоғамдық кеңесі өтті. Кеңес жұмысына аудан әкімінің экономика, кәсіпкерлік және әлеуметтік салалар жөніндегі орынбасары Сатқан Өмірзақов төрағалық етті.

Ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысқан жиынның күн тәртібінде төрт мәселе талқыға түсті.


Кәсіпкерлердің қоғамдық кеңесінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, құрылыс жүргізу кезінде жеке кәсіпкерлерден жиі кететін қателер және олардың алдын алу шаралары туралы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Рамазан Қыдырашев баяндап өтті.

Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлерді қолдау орталығының жұмысы жөнінде Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Рысты Тойшыбаева хабарлама жасады.

Күн тәртібіне қойылған жеке кәсіпкерлерге жер телімін беру кезіндегі кедергілер мен оларды алдын алу және жер учаскелерін меншікке немесе жерді пайдалану туралы ұсыныстарды қарау жөнінде, ауыл шаруашылығы саласы бойынша берілетін мемлекеттік субсидиялар жөнінде аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш тоқталып өтті.

Жиын барысында құрылысын бастаған үйін заңдастыру жөнінде «Тана» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Шерниязов, шаруа қожалығының жеріне үй салуға Қалимұрат Сариев, аудан орталығынан ет дүкенін салуға жер алу мәселелері бойынша, Абзал Гилмановтар сұрақ қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале