17.02.2016, 18:52
Оқылды: 17

Қаратөбе ауданында кәсіпкерлер Форумы оздырылды

????????????????????????????????????

 17 ақпан күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы шеңберінде Қаратөбе ауданы кәсіпкерлерінің Форумы оздырылды.

Форум жұмысын кіріспе сөзбен ашып, сөз сөйлеген аудан прокуроры Руслан Сабыров күн тәртібінде қаралатын мәселелердің жай-жапсарына тоқталды.


Форум жұмысы аясында кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау бағытында заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы аудан прокурорының көмекшісі Райхан Мұқанова, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен кәсіпкерлерге ұсынылатын қолдау шаралары, кәсіпкерлікке қатысты қаржы несиелік жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндіктері жөнінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, кәсіпкерлер палатасының жұмысы туралы БҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Рысты Тойшыбаева, салық заңнамаларындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Аян Жоламанов, санитарлық-эпидемиологиялық аудит өткізу тәртібі туралы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Мағия Аманжанова, несие алу кезінде кәсіпкерлерге кездесетін кедергілер туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мейрамгүл Кенжеғалиева хабарлама жасады.

Аталмыш шараға ауылдық округ әкімдері, аудан мекеме-кәсіпорын басшылары, аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалығы жетекшілері қатысып отырды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале